Бокс 25 Наурыз, 2019 (0) (97)

Әли Ахметов жаңа салмақтағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Бұл қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы 14-ші кездесуі болатын.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов өзінің 14-ші кездесуін өткізіп жеңіске жетті. Бұл Әлидің жаңа салмақтағы алғашқы кездесуі болатын.

Hollywood Fight Nights шоуы аясында Голливудте өткен бокс кешіндегі қазақстандықтың қарсыласы 37 жасар американдық Майк Гай болды. Сегіз раундқа жоспарланған кездесуде Әли Ахмедов төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның кәсіпқой бокстағы он төртінші жекпе-жегі болатын. Әзірге Әли барлық кездесуінде жеңіске жетіп келеді.

Айта кетсек, бүгінде Әли өзінің даңқты жерлесі Геннадий Головкин иелік ететін GGG Promotions компаниясының атынан шығады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру