Футбол 23 Наурыз, 2019 (0) (99)

Исламбек Қуат: Ойыншылар кездесудің маңыздылығын түсінеді

Капитан Ресеймен ойынға сақадай сай.
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Исламбек Қуат Қазақстан-Ресей матчының алдында баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілер сұрағына жауап берді. 

- Ресейлік баспасөз Қазақстан құрамасын оңай жеңеміз деп жазып жатыр. Не айтасыз?


- Жаза берсін. Олардың жұмысы ғой. Ертең ойын көрсетеді.

- Шотландиямен ойындағы жеңісті тойлап болдыңыздар ма?

- Ешқандай тоқмейілсу жоқ. Ресей құрамасымен ойынға дайындалып жатырмыз. Жақсы қарсылас. Біз өз деңгейімізді көрсеттік, әрі қарай дайындаламыз.

- Ресейдің орталық аймағындағы үш футболшысы Зобнин, Кузяев және Головин ертең алаңға шықпайды. Бұл туралы талқылап тастадыңыздар ма?

- Ресей құрамасының барлық ойыншылары жақсы. Орталық алаңда мәселе болады деп ойлаймын.

- Капитандық міндет атқарудың әсері қандай?

- Капитан болу үлкен абырой және жауапкершілік жүктейді. Ел намысын қорғайтын барлық ойыншылар кездесудің маңыздылығын түсінеді. Жасыл алаңда барлығы бірдей.  

- Бельгия-Ресей ойынын қарадыңыздар ма?

- Біздің ойыннан кейін қарадық. Екі команда да жақсы ойнады. Маған ұнады.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы ойын 24 наурызда жергілікті уақытпен 20:00 басталады. 

Қазақстан құрамасы іріктеудің алғашқы ойынында Шотландия құрамасын ірі есеппен жеңген. Ал Ресей болса сырт алаңда Бельгияға жол берген. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру