Қысқы спорт 22 Наурыз, 2019 (0) (355)

Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

Отандасымыз тек Олимпиада чемпионына есе жіберді.
Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты мәресіне жетті. 

Дүбірлі додаға жерлесіміз 19 жасар Элизабет Тұрсынбаева да қатысқан болатын. 

Қысқа бағдарламадан соң отандасымыз 75,96 ұпаймен үшінші орыннан көрінген. 

Дәл қазір аяқталған еркін бағдарлама да жерлесіміз үшін сәтті болды. Мұзайдынға 19-шы болып шыққан Тұрсынбаева 148, 80 ұпай еншілей алды. Бұл нәтиже оған Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атануға жеткілікті болды. 

Әлем чемпионатының алтын жүлдесін Олимпиада ойындарының жеңімпазы Алина Загитова жеңіп алды. Үшінші орын тағы бір орыс қызы Евгения Медведеваға бұйырды. 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру