Бокс 16 Наурыз, 2019 (0) (186)

Данияр Елеусінов алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде алтыншы жекпе-жегін өткізді.


Liacouras Center кешенінде шаршы алаңға шыққан Данияр Елеусінов қарсыласы 36 жастағы Сильверио Ортисті (37-23, 18 КО) төрешілердің шешімімен жеңді.

Кештің басты жекпе-жегінде екінші жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы Тевин Фармер мен ирландиялық Джоно Кэрролл қолғап түйістірді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 қараша күні Монакода өткізген болатын. Кәсіпқойдағы бесінші кездесуінде никарагуалық Маркос Мориханы (16-2-2, 12 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру