Футбол 15 Наурыз, 2019 (0) (181)

Чемпиондар лигасының ширек және жартылай финалының жеребесі тартылды

Биыл финал Испания астанасында өтеді.
Чемпиондар лигасының ширек финалы мен жартылай финалының жеребесі тартылды. 
Жеребе қортындысы бойыншы ширек финалдың жұптары төмендегідей:
«Аякс» - «Ювентус»
«Ливерпуль» - «Порту»
«Тоттенхэм» - «Манчестер Сити»
«Барселона» - «Манчестер Юнайтед»

Жартылай финалда «Аякс» - «Ювентус» жұбының жеңімпазы «Тоттенхэм» - «Манчестер Сити» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал «Ливерпуль» - «Порту»  теке-тіресінің жеңімпазы «Барселона» - «Манчестер Юнайтед» жұбында үздік шыққан командамен жолығады. 

Ширек финал ойындары 9/10 және 16/17 сәуірде өтеді. 
Жартылай финалдық кездесулер 30 сәуір/1 мамыр және 7/8 мамырға жоспарланған.
Финалдық кездесу Испания астанасы Мадридте бірінші маусымда болады. 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру