Футбол 14 Наурыз, 2019 (0) (39)

"Реал" "Порту" қорғаушысын сатып алды

Зинедин Зидан қызметін қорғаушы сатып алумен бастады.

Мадридтік "Реал" клубы "Порту" қорғаушысы Эдер Милитаоны сатып алды. Бұл туралы испаниялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Трансфер құны белгісіз. Кейбір ақпарат көздері мадридтік команда қорғаушы үшін "Портуға"  50 млн еуро төлегенін жазуда.

21 жасар қорғаушы жаңа командасына маусым соңында қосылады.  Эдер "Реалмен" 2025 жылдың соңына дейін келісімге отырды.

Айта кетсек, "Порту" Эдер Милитаоны өткен жазда Бразилияның "Сан-Паулу" клубынан 4 млн еуроға сатып алған.

Биылғы маусымда Эдер 34 ойынға қатысып 3 гол, 2 голдық пас берген.

Эдер Милитао командаға қайта келген бапкер Зинедин Зиданның алғашқы трансфері.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру