Футбол 13 Наурыз, 2019 (0) (248)

Роналду спорттық мансабындағы жеті жүзінші голын соқты

Португалиялық ойыншы бұл көрсеткішпен тоқтап қалмайтыны анық.


"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Атлетикомен" болған қарымта ойында үш гол соғып командасын келесі кезеңге алып шыққан болатын

Мадридтік команда қақпасына соққан үшінші голы Роналдудың спортық мансабындағы жеті жүзінші голы. 700 гол соғу үшін Роналду 987 ойын өткізген.

Футбол тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде Роналду алтыншы орында тұр. Жеті жүзден көп гол соққан бес футболшы: Йозеф Бицан (805 доп), Ромарио (772), Пеле (767), Ференц Пушкаш (746) және Герд Мюллер (735).

Роналдудың "бітіспес жауы" Месси бұл тізімде португалиялықты өкшелеп келеді. Бүгінгі күнге дейін аргентиналық 855 ойында 678 гол соққан екен.

Роналду спорттық мансабын португалиялық "Спортингте" бастаған. "Спортингтен" бөлек "Манчестер Юнайтед", "Реал" командаларында ойнаған. Өткен жазда "Реалдан" "Ювентус" командасына ауысты.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру