Күрес 13 Наурыз, 2019 (0) (135)

Екатеринбургтегі "GrandSlam" турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі

Көрші елде өтетін жарысқа Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов та қатысады.

15-17 наурыз күндері Екатеринбургте (Ресей) дзюдодан әлемдік «GrandSlam»турнирі өтеді, деп хабарлайды Alaman.kz  Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа 48 елден 403 дзюдошы қатысады. Ал Қазақстан құрамасынан 20 спортшы ел намысын қорғайды.

 

Ерлер:

Елдос Сметов (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Есет Қуанов (-66 кг)

Мадияр Сембаев (-73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Бекжан Абдуалиев (-81 кг)

Руслан Мусаев (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

 

Әйелдер:

Ақмарал Науатбек (-48 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

 Ақниет Тұрдан (-63 кг) 

Иоланта Бердібекова (-63 кг) 

Зере Бектасқызы (-70 кг) 

Мөлдір Нарынова (-70 кг) 

Зарина Райфова (-78 кг) 

Камила Берліқаш (+78 кг) 

Гүлжан Исанова (+78 кг)

 

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру