Футбол 13 Наурыз, 2019 (0) (157)

Таңат Нөсербаев "Оқжетпес" клубына ауысты

Еліміздегі ең таңдаулы шабуылшылардың бірі Көкшетау халқын қуанышқа бөлемек.

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Таңат Нөсербаев көкшетаулық "Оқжетпес" клубына ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Таңат Нөсербаев Шымкент футболының түлегі. "Ордабасыдан" өзге елордалық "Астана" клубында ойнаған. "Астана" қатарында еліміздің үш дүркін чемпионы атанды. Өткен жылды Қостанайдың "Тобылында" өткізген.

Қазақстан құрамасы үшін 28 ойын өткізіп үш рет мергендік танытқан.

"Оқжетпес" биыл премьер лигаға оралды. Команданың бас бапкері бір кездері Таңатпен бірге Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған Андрей Карпович.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру