Футбол 13 Наурыз, 2019 (0) (160)

Роналду, Роналду, Роналду... "Ювентус" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

Роналду мен Чемпиондар лигасы егіз ұғым

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Ювентус" пен "Атлетико" арасындағы теке-тіресте туриндік команда  жеңіске жетті.

Екі апта бұрын Мадридте өткен кездесуде "Атлетико" 2-0 есебімен жеңіске жеткен.  Диего Симеоне шәкірттерінің қорғаныста қалай ойнайтынын жақсы білетін футбол мамандары бұл теке-тіресте испандық  ұжымның үздік шығатынына сенімді еді. Алайда, іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты. Туринде төреші ысқырығы естілісімен алаң қожайындары шабуылға лап қойды.  Нәтиже де ұзақ күттірген жоқ. Бірінші таймның орта тұсында  Роналду қапталдан көтерілген допқа бірінші болып жетіп кездесуде есеп ашты. Ал екінші таймда Роналдуды тұсап ұстау мүмкін емес еді. Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені тағы да екі рет мергендік танытып командасын Чемпиондар лигасының ширек финалына алып шықты.

«Ювентус» - «Атлетико» 3:0 (1:0)

Голдар: Криштиану Роналду 27, Криштиану Роналду 49, Криштиану Роналду 86 (пенальти)

«Ювентус»: Щесны, Спинаццола (Дибала 67), Кьеллини, Бонуччи, Канселу, Матюиди, Джан, Пьянич, Бернардески, Криштиану Роналду, Манджукич (Кин 80)

Бас бапкер: Аллегри Массимилиано.

«Атлетико»: Облак, Хуанфран, Годин, Хименес, Ариас (Витоло 77), Лемар (Корреа 57), Сауль, Родриго Эрнандес, Коке, Гризманн, Мората

Бас бапкер: Симеоне Диего.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру