Футбол 12 Наурыз, 2019 (0) (265)

Шотландия және Ресеймен болатын ойынға шақыртылған футболшылар белгілі

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында наурызда Астанада Шотландия және Ресей құрамаларына қарсы ойын өткізетіні белгілі.


Бүгін ұлттық құраманың  бас бапкері Михал Билек аталған кездесулерде ел намысын қорғайтын футболшылардың тізімін жариялады. 

Чехиялық маманнан шақырту алған футболшылар тізімі төмендегідей:


Қақпашылар – Стас Покатилов («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Игорь Щацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников (бәрі де – «Астана»), Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский (бәрі де – «Қайрат»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (бәрі де – «Қайрат»), Серікжан Мұжықов, Юрий Перцух (екеуі де – «Астана»), Максим Федин («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей), Александр Меркель («Хераклес», Голландия);

Шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет («Левски», Болгария), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы»).


Резервтегі футболшылар: 

Қақпашылар – Владимир Плотников («Қайрат»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»),

Қорғаушылар – Нұралы Әліп, Айбол Әбікен, Александр Соколенко (бәрі де – «Қайрат»), Марат Быстров («Ордабасы»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»),

Жартылай қорғаушылар – Еркебұлан Тұңғышбаев («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Тобыл»), Аслан Дарабаев («Ертіс»),

Шабуылшылар – Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь).


Жаттықтырушылар құрамы: 

Михал Билек – бас бапкер,

Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі,

Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі,

Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы,

Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы.

Айта кетсек, алғашқы ойын 21 наурыз күні Шотландия құрамасына қарсы  болады. Ал  араға үш  күн салып көрші Ресей құрамасын қабылдаймыз. Қос кездесу де еліміздегі ең үлкен стадион «Астана Аренада» өтеді.

Біздің топта Ресей мен Шотландиядан өзге Бельгия, Кипр және Сан Марино құрамалары бар.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру