Жекпе-жек 12 Наурыз, 2019 (0) (223)

Алматыда каратэ-до шотоканнан халықаралық турнир мәресіне жетті

Алматыда өткен сенбі жексенбі күндері каратэ-до шотоканнан Вячеслав Савкивті еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті.

Турнирге еліміздің барлық аймағынан келген спортшылар қатысты. Сондай-ақ Қырғызстаннан келген командалар жарыс көркін қыздыра түсті, деп хабарлайды Alaman.kz.

Турнирде каратэнің төрт түрінен жеңімпаздар анықталды. Жарыс жайлы егжей-тегжей Қазақстан ұлттық каратэ-до шотакан федерациясының президенті Фарит Галимович Аюпов мырза айтып берді:

- Алматыда каратэ-до шотоканнан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Вячеслав Савкивті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Вячеслав Савкив Қазақстандағы каратэ-до шотокан спортының негізін қалаушы, әрі федерацияның алғашқы президенті болған. Өкінішке орай, ол азаматтың арамыздан өтіп кеткеніне міне биыл он  жыл болды. Турниріміз дәстүрлі түрде өткіп келе жатқанына да он жыл. Биылғы жарысқа 300-ден астам жас спортшылар қатысуда. Сонымен қатар, көрші Қырғыстан елінен екі қонақ команда да келді. Олар Ош және Джалалабад құрамалары.

Сондай ақ федерация басшысы елімізде карате-до шотокан спортымен айналысып жүрген  балалар саны артып жатқанын атап өтті.  Алматы қаласында ғана бұл спорт түрімен 600-ден астам балалар шұғылданады екен.

Оңтүстік астанамызда белсенді жұмыс  атқарып жатқан "Тигренок" клубының басшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, карате-до шотоканнан екі дүркін әлем чемпионы Чиркина  Ирина Александровна Вячеслав Савкивті еске алуға арналған дәстүрлі  турнирдің маңыздылығын атап өтті.

Ирина Александровна "Тигренок" клубының президенті:

Вячеслав Савкивтің осы спортқа қосқан үлесі зор.  Ол кісі негізін қалаған "Тигренок"  клубы бүгінде табысты жұмыс атқаруда. Біздің клуб үшін аталмыш турнирға қатысу үлкен мәртебе. Себебі Вячаслав Григорьевич аңыз адам.  

Вячеслав Савкивтің  каратэ-до шотоканның дамуына қосқан үлесі орасан екендігін  жоғарыда айттық. Оның көптеген шәкірттері ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады. Солардың арасындағы бірегейі  Айдана Бостанова ұстазы жайлы жылы  лебізін білдірді.

"Вячеслав Григорьевич темірдей тәртіптің адамы болатын. Қатал болғанымен өте әділ, шыншыл кісі еді. Ол кісі каратэмен өмір сүрді. Шәкірттеріне өзінің баласындай қарайтын", -  дейді Айдана Бостанова.

Жоғары деңгейде өткен жарыс қортындысында үздіктер анықталып жүлдегерлер марапатталды.

Айта кетейік, биыл каратэ-до шотокан шеберлерін Румыния және Чехия елдерінде өтетін  әлем чемпионаты күтіп тұр. Еліміздің белді спортшылары да осы екі дүбірлі додада топ жаруды көздеп отыр. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру