Футбол 12 Наурыз, 2019 (0) (223)

Зинедин Зидан "Реалға" оралды

"Реал" командасының бұрынғы бапкері Зинедин Зидан мадридтік ұжымға қайта келді. Ол бұл қызметте Сантьяго Солариді алмастырады. Француздық  маман жаңа ескі, жаңа клубымен 2022 жылдың отызыншы маусымына дейін келісім-шарт жасасты. Бұл туралы "Реал" клубының  ресми сайты хабарлады.

Зинедин Зидан мадридтік командадан өткен жылы маусым соңында кеткен болатын.Карольдік клубта қызмет еткен екі  жарым жыл ішінде француз Чемпиондар лигасында үш рет топ жарды. Сондай-ақ Испания чемпионатын бір рет жеңіп алған.

Зидан кеткен соң команданың тізгінін Юлен Лопетеги ұстаған. Алайда испандық маман командасы "Барселонадан" 5-1 есебімен жеңілген  соң  қызметінен босаған. Оның  орнын басқан  Сантьяго Солари де "Реалды" өрге сүйрей  алмады. Аргентиналық  маманның  шәкірттері  Чемпиондар лигасында  "Аякстен" аса  алмаса, Испания  Кубогында ата  жауы "Барселонаның"  мықтылығын мойындауға  мәжбүр болған. "Реалдың" Испания  чемпионатындағы  жағдайы да мәз емес. Ол жақта да "Барселона"  жеке дара көш бастап келеді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру