Күрес 09 Наурыз, 2019 (0) (54)

Ерлан Серікжанов — Гран Придің қола жүлдегері


Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Мароккода өтіп жатқан Гран При жарысының қола жүлдегері атанды.


66 келіге дейінгі салмақта күрескен отандасымыз өткізген 5 кездесуінің тек біреуінде жеңіліс тапты. Ерлан Серікжанов алғашқы белдесуінде испаниялық Даниель Перез Романды иппонмен жеңді. Келесі кезеңде сербиялық Страхиния Бунциктен басым болды. 


Ширек финалда Италия спортшысы Пираз Маттеоны ұтып, жартылай финалда мысыр балуаны Абдельмаугоуд Мохамедке есе жіберді. Жұбаныш финалында өзбекстандық қарсыласы Шахрам Ахадовты ұтып, қола жүлдені алды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру