Бокс 07 Наурыз, 2019 (0) (115)

Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін Алматыда өткізеді


Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін Алматы қаласында өткізеді.


WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы «Қазақ сарбазы» шаршы алаңға 24 наурыз күні «Алматы арена» спорт кешенінде шығады. Жеңіліп көрмеген отандасымыздың жекпе-жегі кештің басты кездесуі болады.


Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін Канада елінде өткізіп, мексикалық Абрахам «Питбуль» Хуаресті (13-1-0, 5 КО) 4 раундта нокаутқа жіберген болатын. Осы жеңістен кейін 86-орынға жайғасқан отандасымыз қазір 52-орынға көтерілді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру