Жекпе-жек 05 Наурыз, 2019 (0) (232)

Арман Оспанов келесі жекпе-жегін Мәскеуде өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспановтың келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды.


27 сәуір күні Мәскеу қаласында өтетін АСА 95 турнирінде «Сұңқар» кезекті жекпе-жегінде неміс Лом-Али Эскиевпен (15-4) жұдырықтасады. 

 

Absolute Championship Akhmat рейтингінде үздіктер қатарында тұрған Эскиев соңғы кездесуінде жеңілген. Ал Арман Оспанов болса соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Оспанов төрешілер шешіміміен Алексей Полпудниковтен жеңіліс тапты.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру