Футбол 04 Наурыз, 2019 (0) (167)

Кабананга – Суперкубок матчының үздік ойыншысы

Алматыда Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында бес дүркін ел чемпионы «Астана» 2:0 есебімен «Қайрат» командасын ұтып, төртінші рет Суперкубокты жеңіп алды.

Instat. Кабананга – «Астана» - «Қайрат» кездесуінің үздік ойыншысы


Кездесу тағдырын шешкен екі голдың да авторы Жуниор Кабананга. Футболшылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat Index бойынша оның нәтижесі 301-ге тең. Одан бөлек, Жуниор Стас Покатилов қорғаған қақпаға үш мәрте тура соққы бағыттап, осы көрсеткіш бойынша ойынның үздігі атанды.


Instat Index нәтижелері бойынша екінші орында Иван Маевский. Иван өзіне қарсы қарсылас ойыншыларын екі рет тәртіп бұзуға мәжбүрлеп, допқа талас-тартыстың 74%-да жеңіске жетіп, 13 рет қарсылас ойыншыларынан допты тартып алған.


Үздік үштікті команда капитаны Ненад Эрич қорытындылады. Бұл кездесуде Ненад қорғаған қақпада көп қиындықтар болды деп айту қиын. Дегенмен, елорда командасының қақпашысы өте сенімді ойын көрсетіп, қақпасын «құрғақ» сақтай білді.


Статистикалық мәліметтерге сүйене келе әуедегі допқа таласта ешкімге есе жібермеген Роман Муртазаевты да ерекше атап өтуге болады. Ал ойын барысында тура пас беру көрсеткіші бойынша командалас әріптестеріне 57 мәрте дәл пас жеткізген Антонио Рукавинаға тең келер футболшы болған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру