Күрес 04 Наурыз, 2019 (0) (106)

Жұрқамырза Шүкірбеков - Еуропа ашық кубогының жеңімпазы

2-3 наурыз күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа ашық кубогы өтті.


Екі күнге жалғасқан жарыста Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 6 қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы ҚДФ ресми сайты хабарлады.


90 келіден жоғары салмақ жәрежесінде белдескен балуанымыз Жұрқамырза Шүкірбеков қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы атанса, Алима Жұмағалиева (-40 кг), Амандық Ермахан (50 кг), Нұрқанат Серікбаев (-50 кг), Әділ Марлен (-60 кг), Атабек Тұрлыбаев (-73 кг) және Қайратбек Сәбит (-90 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасында өткен Еуропа ашық кубогына әлемнің 16 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру