Alaman Ақпарат 04 Наурыз, 2019 (0) (160)

Дархан Асаділов Австриядағы рейтингілік турнирде чемпион атанды

Австрияның Зальцбург қаласында каратеден А сериясындағы Премьер-лига турнирі аяқталып, Дархан Асаділов тағы да тұғыр биігінен көрінді.


60 келіде сынға түскен жерлесіміз финалда әлемдік рейтингте екінші орында тұрған түркиялық Самданмен кездесіп, жеңіске жетті. Негізгі уақыт тең аяқталғанымен, төрешілер қазақстандық спортшының белсенділігін жоғары бағалады. Бұл туралы ҰОК ресми сайты хабарлады.


Осы салмақта сынға түскен тағы бір каратеші Қайсар Алпысбай әлем чемпионатының жүлдегері, әзірбайжандық Фарзалиевті 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанды. 


67 келідегі кіші финалда Қазақстан командасының екі бірдей спортшысы жүлдеге таласқан болатын. Дидар Әмірәлі мен Бексұлтан Мұса қола медаль үшін өткен кездесуде керемет жекпе-жек көрсетіп, 8:4 есебімен соңғысы жеңіске жетті. 


Сондай-ақ, 68 келіден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева қола медаль үшін тартысты хорватиялық Лесджакты жеңіп, ересектер арасындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру