Футбол 28 Ақпан, 2019 (0) (201)

Еркебұлан Сейдахмет елге орала ма?

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет бірер күнде жаңа командасына қосылады.


Отандық БАҚ-тың мәлімдеуінше, 19 жасар футболшы алматылық "Қайратқа" ауысуы мүмкін. Алматылық команда Еркебұлан үшін "Уфаға" бір миллион доллар беруге дайын екен. 


"Уфаның" бас дирекоры Шамиль Газизов ресейлік "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұқбатында Еркебұлан Сейдахметтің командадан кететінін растаған. Алайда әзірге нақты қай клубқа екені белгісіз болып отыр. Оның үстіне башқұртстандық команда Еркошты жалға бермек. 


Дәл қазіргі сәтте көптеген чемпионаттарда трансферлік маусым аяқталған. Еуропада тек Болгария (28 ақпанға дейін), Украина (1 наурызға дейін), Латвия (1 наурызға дейін), Норвегия (1 наурызға дейін), Швеция (4 сәуірге дейін) біріншіліктерінде жаңа ойыншыларды тіркей алады. 


Футболшының өзі командасымен қоштасып үлгерген. Instagram парақшасына әріптестерімен бірге түскен сурет жүктеп, клубына рақметін айтқан.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру