Футбол 28 Ақпан, 2019 (0) (148)

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысады

2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі 26-31 наурыз аралығында Финляндияның Тампере қаласында өтеді.


Қазақстан құрамасы бірінші топта Польша, Франция және Финляндия құрамаларымен ойнайды. Негізгі іріктеу кезеңі жеті топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпаздары Латвияда өтетін финалдық кезеңге қатысады. Финалдық кезеңнің ойындары 8-14 қыркүйек аралығында «Арена Рига» (Рига) стадионында өтеді. 


19 жасқа дейігі Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына 15 ойыншы шақырылды: 


Қақпашылар:


Нарын Серіков («Қайрат»), Бақдәулет Өмірзақов («Аят»)


Алаңдағы ойыншылар:


Бекзат Төлеутай, Ерсұлтан Өтегенов, Вадим Пастарпак, Вадим Булдин (барлығы - «Аят»), Әлішер Сәрсенбаев, Нұрсат Көшербаев, Ербазы Қуанышбек (барлығы - «Інжу»), Марк Ким, Бекзат Рахымтаев, Темірлан Қатыбаев, Әсет Сағынаев, Ертуған Төлеубеков, Лев Ким

(барлығы - «Қайрат»).


Аға жаттықтырушы – Қанат Танақпаев.


Қазақстан U-19 құрамасының 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойын кестесі:


27.03.2019. Қазақстан U-19 – Франция U-19


28.03.2019. Польша U-19 – Қазақстан U-19


30.03.2019. Қазақстан U-19 - Финляндия U-19.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру