Күрес 27 Ақпан, 2019 (0) (218)

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы оқу-жаттығу жиындарында

Дзюдодан Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.


Құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, құрама спортшылары жаттығу жиындарында лицензиялық турнирлерге дайындалып жатыр.


«Оқу-жаттығу жиындарында қосалқы құрам Еуропа Кубогына дайындалып жатса, негізгі құрам алда болатын Гран При жарысына қызу дайындық жүргізуде. 16 дзюдошы қатысып жатқан жаттығу жиыны ақпанның 28-іне дейін жалғасады. Жаттығу арнайы физикалық дайындық және тактикалық техникалық дайындық бойынша өтіп жатыр. Қазіргі таңда спортшылардың жағдайы жақсы, жарыстарға дайын», - дейді құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаев.


Айта кетерлігі, дзюдодан әйелдер арасында Еуропа ашық Кубогі 2 наурыз күні Прагада өтеді. Ал әлемдік Гран При кезеңі 8-10 наурыз күндері Марокода өтеді деп жоспарланған.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру