Футбол 25 Ақпан, 2019 (0) (121)

Қазақстан әйелдер құрамасы Түркіменстанды ірі есеппен жеңді

«Turkish Women’s Cup 2019» халықаралық турниріне дайындық жүргізіп жатқан Рәзия Нүркенова жаттықтыратын Қазақстан әйелдер құрамасы Түркіменстанмен жолдастық кездесу өткізіп жеңіске жетті, деп хабарлайды Alaman.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық қыздар қарсылас қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Түркияның Алания қаласында өткен жолдастық кездесуде Адиля Вылданова үш, Камила Құлмағамбетова екі, Сәуле Кәрібаева бір рет мергендік танытты.

Қазақстан  - Түркіменстан  - 6:0 (5:0)

Голдар: Вылданова 6, 22, 33, Құлмағамбетова 17, 57, Кәрібаева 25

Қазақстан құрамасы 1-тайм: Железняк, Бабшук, Орынбасарова, Нұрышева, Қожахмет, Жұмабайқызы, Гайстенова, Вылданова, Құлмағамбетова, Бортникова, Кәрібаева.

Қазақстан құрамасы 2-тайм: Портнова, Жақсымбай, Қожахмет, Аруова, Демидова, Хайрулина, Гайстенова, Вылданова, Құлмағамбетова, Тұрлыбекова, Орынбасарова.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы ойынын 27 ақпан күні Франциямен өткізеді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру