Жекпе-жек 24 Ақпан, 2019 (0) (48)

Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегінде испаниялық Хоэль Альварестен басым түсті.


Чехия астанасы Прагада өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде Ысмағұлов қарсыласы испаниялық Хоэль Альваресті үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңді.

Осылайша этникалық қазақ спорттық мансабындағы 18-ші жеңісіне жетті, ол бұрындары екі рет жеңіліс тапқан. 17 кездесуге қатысқан оның қарсыласы Альварес үшінші рет тізе бүкті. Сондай-ақ, ол UFC турнирінде бірінші рет өнер көрсетті.  

Айта кетейік, Ысмағұлов UFC ұйымында бірінші рет 1 желтоқсанда Аустралияның Аделаида қаласында жекпе-жекке шықты. Қазақстандық спортшы алаң иесі Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша ол UFC турнирінде жеңіске жеткен бірінші қазақ атанды.


Ақпарат: Tengrinews.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру