Баскетбол 24 Ақпан, 2019 (0) (98)

Баскетболдан Қазақстан құрамасы өз жерінде Филиппинді қабылдайды

Баскетболдан Қазақстан командасы 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы соңғы кездесуін өткізеді.


Бүгін біздің құрама өз жерінде филиппиндік баскетболшыларды қабылдайды. 

Қазақстан мен Филиппин арасындағы матч Астана уақытымен 20.30-да «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. 

Айта кетелік, қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін жіберіп алды. Әлемдік доданың финалдық кезеңіне жолдама алу үшін біздің команда соңғы екі ойында жеңіске жетуі тиіс болатын. 

Алайда, 21 ақпан күні Австралияға қарсы өткен сында Қазақстан құрамасы 60:81 есебімен ұтылып қалды. 

Баскетболдан әлем чемпионаты биыл Қытайда өтетінін еске саламыз. 


ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру