Жекпе-жек 22 Ақпан, 2019 (0) (115)

«Qazsport» UFC жекпе-жектерін көрсетпейді

«Qazsport» телеарнасы UFC жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатты.



- «Qazsport» белгілі бір себептерге байланысты /телеарнаның тарапынан емес/ Ultimate Fighting Championship (UFC) жекпе-жектерін көрсетуді тоқтатады. Өкінішіке орай, екі тараптың келісімімен UFC трансляцияларын өткізу туралы келісім-шарт бұзылды. Алдағы уақытта осы мәселе өз шешімін табады деп сенеміз. 


Айта кетейік, мұндай түсініксіз жайтқа тек «Qazsport» телеарнасы ғана емес, әлемнің басқа елдерінің арналары  да тап болды.


Өткен жылдың қыркүйегінен бастап, 2019 жылдың ақпанына дейін біздің телеарнамен бірге болған жекпе-жек сүйер қауымға алғысымыз шексіз. Телеарна көрермендері түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз, - делінген арнаның хабарламасында.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру