Бокс 20 Ақпан, 2019 (0) (242)

Болгарияда боксшыларымызға бірде-бір алтын бұйырмады

Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа» халықаралық турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, финалға жолдама алған бес қазақстандық боксшы күміс медальмен шектелді.


49 келідегі Теміртас Жүсіпов үндістандық Амиттен 0:5 есебімен ұтылды. 


60 келідегі Зәкір Сафиуллин Ресей боксшысы Артур Сухбанкуловқа есе жіберді. Ресейлік боксшы 4:1 есебімен жеңіске жеткен. 


64 келідегі Санатәлі Толтаев пен ресейлік Алексей Мазурь арасындағы тартысты жекпе-жек 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. 


69 келідегі Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда алған жарақатына байланысты ақтық сынға шыққан жоқ. Осылайша, автоматты түрде күміс медаль иеленді. 


91 келідегі Василий Левит ресейлік Садам Магомедовке 1:4 есебімен жол берді. 


Осылайша, Қазақстан командасы Болгариядағы турнирге негізгі құраммен қатысып, бес күміс олжалап отыр. 





Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру