Бокс 19 Ақпан, 2019 (0) (131)

Қазақстандық бес боксшы Болгариядағы турнирдің финалына шықты

Болгариядағы «Странджа» турнирінде бес қазақ боксшысы финалға өтті. Жартылай финалдық бәсекелердің барлығы біздің спортшылардың басымдығымен аяқталды.


49 келідегі Теміртас Жүсіпов жартылай финалда аргентиналық Леандро Хосе Бланконы 4:1 есебімен тізе бүктірді. 


60 келідегі Зәкір Сафиуллин өзбекстандық Шункор Абдурассуловты 4:1 есебімен жеңді. 


64 келідегі Санатәлі Толтаев бразилиялық боксшы Андерсон Оливейрадан 3:2 есебімен басым түсті. 


69 келідегі Абылайхан Жүсіпов украиналық Евгений Барабановты 5:0 есебімен ұтты. 


91 келідегі Василий Левит бразилиялық Абнер Джуниорды жартылай финалда тоқтатты


Қазақстан боксшылары финалда төмендегі спортшыларға қарсы жұдырықтасады:


Теміртас Жүсіпов – Амит (Үндістан)


Зәкір Сафиуллин – Артур Субханкулов (Ресей)


Санатәлі Толтаев – Алексей Мазурь (Ресей)


Абылайхан Жүсіпов – Бобо-Усмон Батыров (Өзбекстан)


Василий Левит – Садам Магомедов (Ресей)


Финалдық кездесулер бүгін Астана уақытымен 18:00-де басталады.





Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру