Бокс 18 Ақпан, 2019 (0) (107)

Қазақстандық бес боксшы Болгариядағы турнирдің 1/2 финалына шықты

Бокстан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінің жартылай финалында бес қазақстандық боксшы бақ сынайды.


Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаң иесі Петар Белберовтен жеңіліп, жүлдесіз қалды.

Сондай-ақ, кеше Теміртас Жүсіпов, Зәкір Сафиуллин, Санатәлі Толтаев, Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит жеңіске жеткен болатын. 


Жартылай финалдағы Қазақстан боксшыларының қарсыластарын назарларыңызға ұсынамыз.


49 келі. Теміртас Жүсіпов – Леандро Хосе Бланко (Аргентина)

60 келі. Зәкір Сафиуллин – Шункор Абдурассулов (Өзбекстан)

64 келі. Санатәлі Толтаев – Андерсон Оливейре (Бразилия)

69 келі. Абылайхан Жүсіпов – Евгений Барабанов (Украина)

91 келі. Василий Левит – Абнер Джуниор (Бразилия)


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру