Теннис 16 Ақпан, 2019 (0) (520)

Қазақстан Ұлыбритания мен Голландияға қарсылас атанды

Биылғы жылдан бастап Дэвис кубогы жаңа форматта өткізілетіні белгілі.

Үстіміздегі жылдың қарашасында Испания елінің астанасы Мадридте әлемнің үздік он сегіз құрамасы бас қосады. Азулылар қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Диас Досқараевтың жетекшілігімен сынға түсіп жатқан біздің құрама плей-офф сайысында Португалияны жеңіп финалдық кезеңге жолдама алған болатын.

Бүгін финалдық кезеңнің жеребесі тартылып Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды. Жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы Ұлыбритания және Голландия құрамаларымен бірге «Е» тобына түсті.

Бізден бөлек тағы бес топ түзілді:   

А тобы: Франция, Сербия, Жапония;

B тобы: Хорватия, Испания, Ресей;

С тобы: Аргентина, Германия, Чили;

D тобы: Бельгия, Австралия, Колумбия;

 F тобы: АҚШ, Италия, Канада.

Жарыс ережесіне сәйкес ширек финалға әр топта жеңімпаз атанған алты команда шығады. Сондай-ақ екінші орын алған командалардың  арасындағы үздік екеуі ширек финалда ойнауға мүмкіндік алады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру