Күрес 14 Ақпан, 2019 (0) (125)

Елдос Сметов пен Ислам Бозбаев олимпиадалық рейтингіде үздіктер қатарына қосылды

Парижде өткен Grand Slam жарысынан соң дзюдодан Халықаралық федерация олимпиадалық рейтингіні жаңартты.


Байрақты бәсекенің күміс жүлдесін жеңіп алған Елдос Сменов 1 сатыға көтеріліп, 4 орынға жайғасты. Тағы жүлдені қоржынымызға салған Ислам Бозбаев 11 орыннан 6 сатыға көтерілді. Сондай-ақ, 73 келі салмақтағы жаңа есімдердің бірі саналатын Руслан Мұсаев 34 сатыға жоғарылап, 48 орынға табан тіреді.


Ал Ерлан Серікжанов (5 орын), Дидар Хамза (9), Жансай Смағұлов (12), Елдос Жұмақанов (17), Ерасыл Қажыбаев (26) және Әділхан Қозыбаев (46) өз орындарын сақтап қалды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру