Бокс 12 Ақпан, 2019 (0) (54)

Болгарияда бақ сынайтын боксшылар белгілі

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Болгария елінің астанасы Софияда өтетін Странджа халықаралық турнирінде бақ сынайды.


14 ақпан күні бастау алатын байрақты бәсекеде біздің боксшылар барлық 10 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласады. Биыл бұл жарысқа еліміздің ең үздік боксшылары қатыспақ.


49 келі. Теміртас Жүсіпов;

52 келі. Анвар Музаппаров;

56 келі. Қайрат Ералиев;

60 келі. Закир Сафиуллин;

64 келі. Санатәлі Төлтаев;

69 келі. Абылайхан Жүсіпов;

75 келі. Ерік Әлжанов;

81 келі. Бек Нұрмағанбет;

-91 келі. Василий Левит;

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев.


Айта кетейік, Странджа халықаралық турнирінде осы күнге дейін қоржынымызға 3 алтын медаль (2016 жылы Жомарт Ержан, 2017 жылы Тұрсынбай Құлахмет, 2018 жылы Сабыржан Бақбергенов) түскен.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру