Күрес 10 Ақпан, 2019 (0) (120)

Елдос Сметов пен Галбадраах Отгонцэцэг "Grand Slam" турнирінің жүлдегерлері

Париждегі турнирде екі бірдей дзюдошымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан әлемдік "Grand Slam" жарысының күміс жүлдесіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз финалда жапониялық Әлем Чемпионы Ноахисо Такатомен кездесіп, вазари ұпайымен есе жіберді.


Ал 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Галбадрах Отгонцэцэг жұбаныш финалында Ганбаатар Наранцэцэгті жеңіп, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру