Alaman Ақпарат 08 Ақпан, 2019 (0) (133)

Қазақстанда спорттағы жемқорлықпен бірлесіп күресу туралы шешім қабылданды

Астанада спорттағы жемқорлықпен бірлесіп күресу туралы келісім орнатылды. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті, ҚР мәдениет және спорт Министрлігі және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында тиісті құжатқа қойылды.


Меморандумға қол қойған әрбір тарап өз қоластындағы ведомтсволық бағынышты ұйымдар мен республикалық спорттық федерацияларды біріктіре отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға ниетті. 


Еске сала кетейік, өткен жылдың аяғында елордада Қазақстан ҰОК бастамасымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен отырыс өтті. Аталған жиында ұлттық спорттық федерациялардың, ведомстволық бағынышты ұйымдардың басшылары мен ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, сондай-ақ, спортық қоғамдастық өкілдері бас қосты. Сол отырыста спорттағы жемқорлықпен бірлесіп күресу туралы шешім қабылданған болатын. 


«Қазақстан ҰОК спорттық қоғам мен жалпы қоғамымыздағы жемқорлықты жою туралы бастаманы қолдайды. Жемқорлыққа жол бермей, оның алдын алу Олимпиада комитетіндегі барлық корпоративтік рәсімнің негізі саналады. Азаматтық қоғамдағы Қазақстан ҰОК-нің әлеуметтік рөлі мен жауапкершілігін сезіне отырып, біз жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кезеңіне белсенді атсалысып, бірлесе жұмыс істемекпіз», - дейді Қазақстан ҰОК жалпы сұрақтар бойынша вице-президенті Данияр Абулғазин.


Жауапты органмен жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресу туралы меморандум Қазақстан ҰОК-нің осы бағыттағы жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дене шынықтыру және спорт саласындағы жемқорлыққа қарсы бірлескен шаралар жоспарын жүзеге асыруға жол ашады. Тараптар арасындағы Меморандум спорт саласындағы есеп беруді, бақылауда ұстауды және ашықтықты міндеттейді. Бұрын бұл сұрақтар қоғам үшін жабық күйінде қалған еді. 


Ашықтық тек қана қаржылық есепті жариялаумен шектелмейді. Мұнда басқару органдарының шешімі, қызмет жоспары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен шетелдерде жаттығу кезеңінің өткізу орнының аккредитациясы, арнайы құралдар мен экипировкалардың қолжетімділігі туралы ақпараттар қамтылады. 


Ашық дереккөздерде Министрлік, спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі Комитет пен оның ведомстволық бағынышты ұйым басшыларының кірісі мен мүлкі туралы ақпарат та жарияланады. 


«Меморандумға сәйкес, азаматтық қоғам мен Арнайы бақылау тобының мүшелері үшін спорт саласындағы тауар жеткізушілермен орнатылған келісім, қызмет және жұмыс ақысы туралы ақпараттар қолжетімді болмақ. Осы орайда, қызмет көрсетіп, тауарды жеткізіп, оны әрі қарай пайдаланғанға дейінгі үдерістің барлығы қолжетімді болады. Осылайша, қоғам өкілдерінде спорттық ұйымдар мен қауымдастықтардағы ақшалай қаржыны бөлу мен шығынды жұмсау кезеңдерін ашық түрде көретін мүмкіндік туады», - дейді Агенттік басшысының орынбасары Олжас Бектенов. 


Ашықтық пен есеп беру міндеттілігінің аясында ҰОК олимпиадалық спорт түрлеріндегі спорттық федерациялар қызметінің ашықтығы үшін барлық шараларды қолдануға, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі әлемдегі үздік тәжірибелерді пайдалануға ниетті. Бұдан бөлек, меморандум аясында спорттық жарыстарда айла-қулыққа бару туралы басы ашық сұрақтар қаралатын болады. 


Айта кетелік, ұлттық құрама командаларды қажетті жабдықпен қамтамасыз етіп, дайындау процесін қабылдап алғалы бері Қазақстан ҰОК ақшалай қаржыны бөлудегі ашықтыққа, сондай-ақ, қазақстандық атлеттерге сатып алынатын тауар, жұмыс және қызмет түрлерінің жоғары сапасына ерекше көңіл бөлуде. 


Осы бағыттағы алғашқы қадам ретінде қолма-қол ақшамен операция жүргізуден бас тартып, толығымен қолма-қолсыз төлемдерге көшкенін айтуға болады. Барлық төлем алушыларға тікелей бағытталып, жұмыс процесіне жемқорлық қаупі төнбейді.


ҰОК баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру