Ауыр атлетика 07 Ақпан, 2019 (0) (157)

Олимпиада іріктеуіне қатысатын ауыр атлеттеріміз белгілі болды

Бүгін Таиланд елінде ауыр атлетикадан халықаралық жарыс басталды.


Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын бес спортшымыз қорғайды. Атап айтқанда, Ибрагим Берсанов (-109 келі), Нурлыбек Саменов (-81 келі), Селимхан Абубакаров (+109 келі), Алихан Шайхидинов (-102 келі) және  Лидия Ануфриева (-59 кг).


2020 жылғы олимпиада ойындарының іріктеуі болып саналатын бұл турнирге ұлттық құраманың көшбасшылары бармайды. Мұндай шешімді бапкерлер құрамы қабылдаған. Олар Азия чемпионатына дайындығын жалғастырады.


Айта кетейік, Таи елінде өтетін дүбірлі додада 24 елдің спортшылары бақ сынайды. Жарыс 10 ақпанға дейін жалғаспақ.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру