Қысқы спорт 07 Ақпан, 2019 (0) (191)

Дмитрий Рейхерд фристайлдан әлем чемпионатына қатыспайды

АҚШ-тың Парк-Сити қаласында фристайл мен сноубордтан өтіп жатқан әлем чемпионатында могулшылар додасы басталады.


Әлемдік бәсекеге ұлттық құраманың көшбасшысы Дмитрий Рейхерд жарақатына байланысты қатыса алмайды. Спортшы Канаданың Монт-Тремблан қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде арқа тұсындағы ескі жарақаты сыр берген. Осы себепті спортшы жарыс жолына шыға алмайды.


Әзірге жарақаттың қаншалықты ауыр екені, спортшының жарыс жолына қашан оралатыны белгісіз. Тіпті, Жапониядағы әлем кубогы кезеңіне де қатыспауы мүмкін. 


Айта кетейік, Дмитрий Рейхерд Монт-Трембланда өткен әлем кубогында қола жүлдегер атанған болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру