Қысқы спорт 07 Ақпан, 2019 (0) (152)

Фристайлдан әлем чемпионатында Қалмұрзаева мен Алдабергенова үздік ондыққа енді

АҚШ-тың Парк-Сити қаласында фристайл мен сноубордтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева үздік ондыққа кірді.


Алдабергенова мен Қалмұрзаева іріктеу сынынан іркілмей өтіп, үздік 12 спортшының қатарынан көрінген. Бұл олардың финалдық бәсекеде бақ сынауына мүмкіндік берді. 


Финалдақы кезеңде екі спортшымыз да алғашқы ондыққа енді. Қалмұрзаева 78.88 ұпаймен сегізінші орын иеленсе, Алдабергенова 73.95 ұпаймен тоғызыншы сатыға көтерілді. 


Ал алғашқы алтылыққа енген спортшылар әлем чемпионатының жүлделерін өзара сарапқа салуда. 


Финалда 103.11 ұпай жинаған белоруссиялық Александра Романовская алда келеді. 


Еске сала кетейік, Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасынан Сочи Олимпиадасында алтыншы орын иеленген.


ҰОК баспасөз қызметі


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру