Бокс 07 Ақпан, 2019 (0) (119)

Батыр Жүкембаев пен Нұрзат Сабыров наурыз айында жұдырықтасады

Қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен Нұрзат Сабыровтың (8-0, 7 КО) кезекті жекпе-жегінің өтетін уақыты бекітілді.


Екі боксшы да наурыздың 16 Канаданың Монреаль қаласында жұдырықтасады. Нұрзат Сабыров аргентиналық Сезар Эрнан Рейносоға (15-11-4, 7 КО) қарсы жекпе-жекке шықса, Батыр Жүкембаевтың қарсыласы әзірге белгісіз.


Айта кетейік, Нұрзат Сабыров 24 қараша күні мексикалық боксшы Рокки Монтояны (32-3, 22 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп жеңіске жетсе, Батыр Жүкембаев 6 қазанда мексикалық Патрисио Лопеса Мореноны (21-3, 15 КО) ұтты. Осы жеңістерінен соң қос боксшы да IBO рейтингінде көтерілген болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру