Бокс 06 Ақпан, 2019 (0) (144)

Қанат Ислам: Пакьяо "боксты таста" десе тыңдар едім

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Ислам (25-0, 20 КО) қазіргі жағдайы және кезекті жекпе-жегін қашан өткізетіні туралы айтты.


- Желтоқсан айында жекпе-жек өткізуге ұсыныстар болды. Дайын болсам, осы айда да жұдырықтасар едім. Дәрігерлер сәл қорқытып айтады. Жақсы болып жатқанымды сезсем, мүмкін мамыр айында жекпе-жек өткізермін.


Маған қазір Пакьяо келіп "Қанат, қайтесің боксты. Саған болмайды, тастап кет" десе ойланар едім. Ал өзі кәсіпқой бокстың не екенін білмейтін, рингке шықпаған, мұрны қанамағандар саған баға берсе "кетші ары, наныңды жеші" дейсің ғой. 


Соңғы 7-8 ай қиындыққа толы болды. Артымыздан еріп келе жатқан інілерімізге осындай бір қиындықтардан өту арқылы үлгі боламыз деп ойлаймын, - деді Қанат Ислам SERIK NOYAN LIVE Youtube-арнасына берген сұқбатында.


Айта кетейік, Қанат Ислам болса соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру