Футбол 06 Ақпан, 2019 (0) (99)

Футзалдан Әлем чемпионатының іріктеуіндегі барлық қарсыластар белгілі

2018 жылдың желтоқсанында өткен жеребенің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Румыниямен бірге бесінші топқа түскен еді.


Қалған екі қарсылас 29 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өткен алдын-ала іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша белгілі болды. Голландия мен Албания құрамалары алғашқы іріктеуден сүрінбей өтіп, Қазақстан мен Румынияның қатарын толықтырды.

Футзалдан 2020 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің ойындары 2019 жылдың 22-27 қазанында Румынияда өтеді.

Турнир ережесіне сәйкес, алдын-ала іріктеу кезеңінде өз топтарында бірінші және екінші орын алған 16 команда мен рейтингі жоғары 16 команда негізгі іріктеу кезеңінде сынға түседі. Олар төрт командадан сегіз топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік ұжым элиталық кезеңге өтеді.


Отандық каратешілер Токиода бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру