Күрес 05 Ақпан, 2019 (0) (140)

Алматы облысында дзюдо спорты қарқынды дамып келеді

Алматы облысы, Іле ауданында жасөспірімдер арасында дзюдодан «Сарбаз» әскери патриоттық клубының ұйымдастыруымен аудан біріншілігі өтті.


Спорттық шараға Алматы қаласы мен облысы, Маңғыстау, Семей өңірлерінен келген 200-ге тарта татами шеберлері қатысты. Жарыста 2007-2011 жылдар аралығында туылған жеткіншектер өнерлерін ортаға салды. Кездесулер аса тартысты жағдайда өрбіді. Өйткені бәсекелестік өте жоғары болды. Бір ғана осы ауданда отызға тарта дзюдо клубтары жұмыс жасайды екен. Оларға Маңғыстау мен Семейден арнайы шақыртылған балғын палуандарды қосыңыз. Нәтижесінде біз жан алысып, жан беріскен күрестің куәгерлері болдық. «САРБАЗ» әскери-спорттық клубының бас бапкері Құрмет Нүкеновтың айтуынша турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат, ауыл балалары арасынан шынайы таланттарды анықтау, оларға демеу жасап, үлкен сындарға шығару. «Сарбаз» әскери-патриоттық клубы 2 жылдан бері дзюдо, каратэ, ММА , бокс сынды спорт түрлеріне жасөспірімдерді баулып келеді. Қазір онда 400 ге жуық бала тәлім алады.


Жарысқа оралар болсақ, турнирде үздік дзюдошы деп танылған Жеңісхан Әміралиев Польшада өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды. Бұл оның қысқа ғана мансабындағы алғашқы ірі сын болғалы тұр. Өз салмақтарында үздік шыққан басқа дзюдошыларға медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 


Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңісіне жетті





Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру