Футбол 04 Ақпан, 2019 (0) (304)

Болат Есмағамбетов: Футбол ойнаймын деушілерге есік ашық

Алматы қаласындағы байырғы «Спутник» стадионының жаңғырғаны туралы қара күзде жазғанбыз. Жаңартылған спорт орталығының 800 адамға арналған қоршалған ыңғайлы трибунасы бар. Футзал ойынына таптырмас залдың төсеніші әлемдік стандартқа сай жасалған.

Шаһарда әуесқой футзал командалары қыс ішінде алаң таппай дал болатыны бар. Орталықтың атқарушы директоры, Қазақстан құрамасының бұрынғы  ойыншысы, танымал футболшы болған Болат Есмағамбетов былай дейді:


«Орталықта футболмен 500-ге тарта шәкірт кәсіби түрде айналысады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Оған қоса әуесқой ойыншыларды қабылдайтын жағдайымыз бар.  Мәселен, айналасы көгалдандырылған арнайы Италиядан алынған соңғы үлгідегі ФИФА сертификаттаған дренажды жүйесі бар жасанды футбол алаңы мен спорт алаңдары орталықтың келбетін келістіріп отыр. Футзалға арналған паркетті ұялмай ұсына аламыз.»




Тіпті жаттығу залы, қыз балаларға көркем гимнастика үйірмесі де жұмыс істеп тұр.


Естеріңізге сала кетейік, жақында Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы әкімдерге 100 дене шынықтыру кешендерін салып, қазіргі бар спорт орталықтарын тиімді пайдалануға тапсырма берген еді.


Бұл футбол орталығы мемлекеттік жекешелендіру серіктестігі бағдарламасы аясында Қазақстандағы танымал алматылық №2-ші мамандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің базасында салынды. Совет өкіметі заманыңда ол кездегі №3-ші МБЖОРМ футбол мектебі өздерінің түлектері және бапкерлерімен танымал болған.


Ескі орталықтың қайта жөндеу жұмыстары Алматы әкімдігі мен «Балалар мен жасөспірімдер футбол орталығы «Жас Қыран» ЖШС арасындағы үзақ мерзімдегі келісім шарттың арқасында жүзеге асырылды.


Сондай-ақ, стадионның ресми ашылу салтанатында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев және Қазақстан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды.


Ақтөбе облысында Жастар жылында 150-ден астам спорттық іс-шара өтеді


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру