Күрес 04 Ақпан, 2019 (0) (50)

Айдын Смағұлов: «Grand Slam» - біз үшін ең маңызды жарыстардың бірі

Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы Парижде өтетін «Grand Slam» әлемдік турниріне қызу дайындалып жатыр.


Алматы облысы, Жаңашар селосында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында бүгінде 65 спортшы, 11 жаттықтырушы жаттығуда. Құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов құраманың қазіргі таңдағы жағдайымен бөлісті.


- «Grand Slam» жарысына дайындық жақсы. Қаңтар айының басында Ташкент (Өзбекстан) қаласында, қаңтар айының соңында Токиода (Жапония) халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатыстық. Дәл қазір жарыс алды жаттығу жиынындамыз. Аталмыш жарыс біз үшін ең маңызды жарыстардың бірі. Жақсы жетістікке жетіп, жоғары ұпаймен спортшылардың рейтингтегі орнын жоғары көтеруді жоспарлап отырмыз», - дейді бас бапкер дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне.


Ақпанның 1-іне басталған жаттығу жиынына Ақтөбе, Маңғыстау, Атыраау, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан татами шеберлері қатысып жатыр. Жаттығу жиыны ақпанның 6-сына дейін жалғасады.


Айта кетейік, 9-10 ақпан күндері Франция астанасы Париж қаласында дзюдодан «Grand Slam» турнирі өтеді. Оған Қазақстан құрамасынан 15 спортшы қатысады деп жоспарланған. Аталмыш турнир Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы үшін 2019 жылдың алғашқы жарысы болмақ.


Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жекке қашан шығатынын айтты


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру