Қысқы спорт 04 Ақпан, 2019 (0) (180)

Шорт-тректен әлем кубогі: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік бестікке енді

Германияның Дрезден қаласында шорт-тректен әлем кубогінің бесінші кезеңі аяқталды. Қазақстан сапынан ең үздік нәтижені қыздар командасы тіркеді деп хабарлайды Olympic.kz



Біздің спортшылар 3000 метрге созылған эстафетада бесінші орын иеленді. В финалында топ жарған команда көрсеткіші жалпы есепте үздік бестікке ену үшін жеткілікті болды.


Эстафетада Анастасия Крестова, Әлия Ким, Әсел Тайшыманова және Ольга Тихонова сынға түскен болатын.


Ерлер арасындағы сында Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Әділ Ғалиахметов және Мерсаид Жақсыбаев жетінші орыннан көрінді.


Аралас эстафетадағы Қазақстан спортшыларының көрсеткіші – алтыншы орын.


Жекелей сында біздің спортшылар финалға өткен жоқ. Ал құрама үздігі Абзал Әжіғалиев жарақатына байланысты жарыстан сырт қалды. Әлем кубогінің соңғы кезеңі 8-ақпан күні Туринде басталады. 


Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде 66 саты жоғарылады


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру