Футбол 30 Қаңтар, 2019 (0) (62)

«Астана» «Мидтъюлланнан» ұтылып қалды

«Астана» футбол командасы байырғы қарсыласы даниялық командамен жолдастық кездесу өткізіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды деп хабарлайды ALAMAN спорт порталы.

Байырғы дейтініміз, өткен жылы Еуропа чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінде дәл осы ұжымдар екі кездесу өткізген. Өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жеткен елордалықтар, сырт алаңда тең ойнап қайтты, есеп 0:0.

Бүгінгі матчтың бірінші таймында 4 гол соғылды. Айналасы 10 минутта қос қарсылас екеуден доп соқты. Алдымен 5-минутта Джордж «Астананың» пайдасына, өз қақпасына гол соғып алды. Араға екі минут салып, Марин Томасов есепті еселеп кетті. Бұдан кейін  даниялықтар белсенсін. Автогол соққан Джордж Эричтің қақпасын қақыратып кетсе, Хассан есепті теңестірді. Алғашқы тайм сонымен біткен.

Екінші таймның  басында қарсыластар бір-бірінің осал тұсын аңдып бақты. 63-минутта Исаксен «Мидтъюлланды» алға шығарса, ойын соңында Онуачу мергендік танытты. Есеп 2:4.

Осыдан үш күн бұрын, қазақстандық команда тағы бір Дания клубы "Копенгагеннен" 0:4 есебімен ұтылған болатын.

Бүгінгі мачтағы командалар құрамы:

«Астана»: Эрич, Шомко, Рукавина, Логвиненко, Аничич, Маевский, Бейсебеков, Томасов, Перцух, Янга, Муртазаев

«Мидтъюллан»: Й. Хансен, Андерссон, Даль Хенде, Эвандер, Джордж, Хассан, Шольц, Спарв, Поульсен, Святченко, К. Хансен.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру