Alaman Ақпарат 30 Қаңтар, 2019 (0) (171)

Астанада көркем гимнастикадан жастар арасындағы ел біріншілігі өтеді

Жыл басталысымен олимпиадалық спорт түрлерінен ел чемпионатының жалауы желбіреуде. 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында көркем гимнастикадан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.


Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан спортшылар қатыспақ.

Жекелей сында 106 гимнаст бақ сынаса, топтық жаттығуда 30 команданың өнерін тамашалаймыз.

Сеньорлар сынында 2003 жылғы және одан да үлкен қыздар, спорт шеберлері сынға түседі.  Жасөспірімдер додасында 2004-2006 жылғы спорт шеберлігіне үмітке жеткіншектер жүлдеге таласады.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 30 қаңтар күні 12.00-де басталады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру