Футбол 21 Қаңтар, 2019 (0) (440)

Кака: Ұлттық құрамаға лайық футболшылар ғана ұлттық құрамада ойнайды

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы оқу-жаттығу жиынының жоспарымен ой бөлісті.

Оқу-жаттығу жиыны туралы толық айтып өтсеңіз? Хорватия құрамасы туралы ойыңыз қандай?


- 29 қаңтар күні басталатын оқу-жаттығу жиыны үш күнге созылады. Екі жолдастық кездесу өтеді. 29 қаңтарда бір жаттығу жоспарланып отыр. Ал, 30-31 қаңтарда күніне екі реттен жаттығамыз. Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен жаттықтырушыларға арналған семинар өтеді. Семинарға Қазақстанның әр өңірінен бапкерлер қатысады. Маңызды тақырыптар қозғалады: футзал ойынының жиынтығы, спорт физиотерапиясы, қақпашылардың дайындығы. Сонымен қатар, елдегі футзалдың дамуын талқыға саламыз. Хорватия құрамасына тоқталып өтсек, қарсыласымыз УЕФА рейтингінде 8 орында, ФИФА рейтингінде 13 орында тұр. Хорватия құрамасының футболшылары жақсы дайындалған. Біздің құрама үшін алдағы спарингтер пайдалы болмақ.


Ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылардың тізімінде жаңа ойыншылар бар. Олар - Салауат Байралиев, Нұрбек Қарағұлов, Азат Валиуллин және Нұрсұлтан Пиялы. Бұл ойыншылар туралы не айта аласыз?


- Әр бапкердің ойын үлгісі бар. Жоғарыда аталған ойыншылар Қазақстан Кубогында жақсы қырынан танылды. Турнирдегі барлық ойынды қарап шықтым. Олар деңгейлерін көтеріп, ұлттық құрамаға шақырту алды. Өткен күнмен өмір сүрмей, команданы жаңартып тұру қажет. Ұлттық құрамаға лайық деген жас футболшыларға мүмкіндік беру міндет. Командаға көмектесетін тәжірибелі ойыншылар да керек. Жекелей тоқталсақ, Салауат Байралиев шеберлігін мойындатып, «Ақтөбе» командасына Қазақстан Кубогын жеңіп алуға көмектесті. Азат Валиуллин – Қазақстан Кубогының үздік ойыншысы. «Ақтөбенің» маңызды әрі байланыстырушы ойыншысы - Нұрбек Қарағұлов. Ол көшбасшы болуға тартынбайды. Көп жұмыс атқарады. Нұрсұлтан Пиялының болашағы зор. Футзалға деген дене бітімі бар. Техникасы да керемет. Жиында оны жақынырақ білгім келеді. Ойыншылардың барлығы ұлттық құрамаға лайық деп санаймын.


- Тізімге ілінбей қалған ойыншылар бар ма?

- Тізім толық. Ұлттық құрамада көргім келетін ойыншылардың барлығын шақырдым.

- Біздің құрама 2020 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін 2019 жылдың қазан айында бастайды. Турнирге дайындық қалай өтпек?


- Негізгі іріктеу кезеңіне көп уақыт бар. Алайда, дайындықты ерте бастауды жөн санадық. Үміткерлердің мүмкіндігін көргім келеді. Сәуір айында ФИФА күнтізбесіне сәйкес, бір жолдастық матч өткізуге болатын еді. Алайда, УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалына қатысатын «Қайрат» ойыншыларын шақыру мүмкін болмайды. Бұл жиынға басқа команданың ойыншылары шақырылады. Келесі оқу-жаттығу жиыны шілде айына жоспарланған.  


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру