Футбол 18 Қаңтар, 2019 (0) (256)

«Қайрат» ФК: Еркебұлан Тұңғышбаев командаға еркін агент ретінде ауысты

«Қайрат» футбол клубы Еркебұлан Тұңғышбаев үшін 1,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі бас тарту сомасын төлегені туралы қазақстандық БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы ALAMAN спорт порталы алматылық клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Қайрат» ФК баспасөз қызметі Еркебұлан Тұңғышбаевты ресми түрде командаға еркін агент ретінде ауысқанын мәлімдеп отыр.
«Осылайша «Қайрат» пен «Ордабасы» арасында аталмыш ойыншыға қатысты 1 миллион доллар туралы ақпаратты таратқан тұлғалардың ешқандай да дәлелі жоқ.

Сол ақпараттағы тағы бір мәлімет, Георгий Жуковтың ресейлік «Урал» футбол клубынан 1 миллион еуроға ауысып келгені де шындыққа жанаспайды.
Бауыржан Исламхан, Ғафуржан Сүйімбаев және Стас Покатиловтардың трансферлеріне байланысты «оларды сатып алу кезінде аз ақша жұмсалған жоқ» дегенге саятын дәйектер де айқындалмаған.
Сонымен, аталмыш ойыншыларға трансферлік ауысымдарға қатысты белгісіз сомалар мен қаржылық бағалаулар жалған мәлімет және ешқандай тексерілмеген дәйектемелер», деп жазылған клуб сайтында.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру