Теннис 15 Қаңтар, 2019 (0) (176)

Зарина Дияс Australian Open турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open турнирінің алғашқы айналымында сербиялық спортшымен кездесіп жеңіліс тапты.

Зарина Дияс сербиялық теннисші Александра Куриничпен болған кездесуді сәтті бастаған. Алғашқы сетте 6:3 есебімен қазақстандық жеңіске жетті. Аса тартысты өткен екінші сетте 5:7 есебі тіркеліп Куринич есепті теңестіре алды. Ал шешуші үшінші сет толығымен сербиялық теннисшінің басымдығымен өтті. Нәтижесінде 1:6 есебімен жеңіске жеткен Александра Куринич жарыстың екінші айналымына өтті.

Әлемдік рейтінгіде 57 орында  тұрған Михаил Кукушкин де Australian Open турниріні ерте аяқтауға мәжбүр. Француз теннисшісі  Люк Пуйемен өткен ойында жерлесіміз қарсыласына айтарлықтай қарсылық білдіре алмай ойсырай ұтылды. Бір сағат 45 минутқа созылған кездесудің нәтижесі — 6:1, 7:5, 6:4.

Естеріңізге салсақ,кеше тағы бір қазақстандық теннисші, Қазақстанның бірінші ракеткасы  Юлия Путинцева аталған жарыстың алғашқы айналымында чехиялық теннисші Барбора Стрыцованы жеңіп екінші кезеңге жолдама алған. Ол кездесудің есебі -  6:4, 7:6 (7:1). Екінші айналымда Юлия Швейцария елінің теннисшісі  Белинда Бенчичпен кездеседі.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру