Футбол 12 Қаңтар, 2019 (0) (383)

Тағы бір қазақстандық футболшы Ресей біріншілігіне ауысты

"Астана" ойыншыларын жаппай сатылымға қойғанға ұқсайды.


Қазақстан құрамасы мен елордалық "Астана" футбол клубының  ойыншысы жиырма жасар Бахтиер Зайнутдинов Ресей чемпионатына ауысты. "Тараз" клубы түлегінің таңдауы "Ростов" командасына түскен екен. Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайты хабарлады. 

Зайнутдиновті қазақ жанкүйерлеріне "Тараз" клубы танытты. Кейін Бахтиер елордалық "Астана" клубына ауысқан. Қазақстан чемпиондары қатарында соңғы маусымда 35 ойынға қатысып 7 голды еншісіне жазды. Жастығына қарамастан ұлттық құрама үшін алты ойын өткізіп бір рет мергендігімен танылған. 

Айта кетсек, Бахтиерден бөлек Ресей чемпионатында тағы бір тараздық ойыншы доп тебеді. Ол - "Уфа" намысын қорғап жүрген Еркебұлан Сейдахмет. 

"Ростов" Ресей чемпионатында 24 ұпаймен алтыншы орында келе жатыр. Команданы белгілі бапкер Валерий Карпин жаттықтырады. 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру